Ақай ауылдық округінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші ұйымдастырылды.
Сапалы жол – елді мекендердің дамуының маңызды тетігі әрі тұрғындардың күнделікті тұрмысын жақсартудың негізгі факторларының бірі. Осыған байланысты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, Жосалы кенті мен елді мекендердегі көшелерді өз кезеңімен жөндеу, олардың техникалық жағдайын жақсарту және жол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Бүгін Қызылорда қаласының орталық алаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған жастар онкүндігінің қорытынды шарасы өтті. Онкүндік «Жастармен бірге!» атты ауқымды Open Air форматындағы мерекелік концертпен түйінделді.
Қызылорда облысында 10 тамыз – Абай күніне орай ұлы ақынның шығармашылығы мен рухани мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты облыстық байқау өтті.
Сыр өңірінің тарихы мен руханияты сөз болғанда, ең алдымен ойға Қорқыт ата есімі оралады. Түркі дүниесінің ұлы ойшылы, күй атасы саналатын Қорқыт ата туралы аңыздар мен даналық мұрасы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтау - баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы мақсатта 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз атаулы күн ретінде бекітілді. Биыл ағартушы әрі композитордың туғанына 181 жыл толып отыр. Осы бағытта бүгін «Руханият» орталығында Абай күніне орай «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов зиялы қауым өкілдері және аудан ардагерлерімен бірге киелі Мәмбет әулиенің үйтамына барып, тарихи нысанды күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қармақшы өңірі – тарихи тұлғалар мен киелі орындарға бай өлке. Солардың бірі – халқымыздың рухани өмірінде ерекше орны бар Марал ишан кесенесі.
Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен қазақтың тұңғыш академигі, көрнекті ғалым, Қаныш Сәтбаевтың Қарсақбай мыс кенішіндегі еңбек жолының басталғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Академик Қаныш Сәтбаев ізімен» тарихи-танымдық кездесу өткізілді.
Қармақшы ауданы бойынша бүгінгі күні 66 тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 6 республикалық маңызы бар, 58 жергілікті маңызы бар, 2 алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра обьектілер. Бұл жәдігерлер халқымыздың рухани құндылығына айналған киелі орындар ретінде ерекше маңызға ие.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында Марал ишан Құрманұлының ұрпағы, зерттеуші әрі қаламгер Мұхамедхан Қасымханұлының «Үш жүзге пір атанған әулие» атты кітабының тұсауы кесілді.
Бүгін Еңбек ауылдық округінде ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Отбасылық құндылықтар – ұлт болашағының негізі» атты облыстық форум өтті.
ІІМ мәліметінше, лайк, қаралым және донат үшін балағат сөз айтып, әдепсіз әрекет көрсетіп, қауіпті пранктер ұйымдастырған 9 TikTok стримері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгін Әзербайжан техникалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, доктор Фариз Маммадов, радиоэлектроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі, профессор, доктор Мехман Хасанов және экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші Наиб Гаджиев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды.
Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» мәдени шарасы аясында кезекті концерттік бағдарлама өтті.