Экономикалық жаңалықтар
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енді. Жаңа құжаттың негізгі бағыттарының бірі салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, «жазалау» моделінен «сервистік» модельге көшіру. Яғни салық төлеушіге тіркелген сәттен бастап қызметін тоқтатқанға дейін қажетті қолдау көрсету көзделген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясының басшысы Инь Цайванмен, VNET Group басшысы Чэнь Шэнмен, Shanghai Junhe Atomic Technology басшысы Тянь Цзяшумен және БҰҰ Инвестициялық комитетінің мүшесі Ли Шаньмен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.
Бүгін шаһар басшысы Нұржан Ахатов қала ардагерлерімен бірге «Қызылорда Саз-М» ЖШС заманауи кірпіш зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті құрылыс материалдарын шығаруды және отандық өндірушілерді жан-жақты қолдау жөніндегі тікелей тапсырмасы шеңберінде бой көтерген болатын.
Ардагерлер «Қызылорда Саз-М» кешенінен кейін «Orda Glass Ltd» шыны зауытында болды. Бүгінгі таңда Сыр өңірінде инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканы әртараптандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Қала ардагерлеріне ұйымдастырылған аралауда жаңа жылу электр орталығы да бар. Қаламыздың ескі жылу орталығы 1964 жылдан бері жұмыс істеп, оның 90 пайызы тозған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен және бұған дейін аймақты басқарған, қазіргі Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың ұтымды үйлестіруімен бұл мәселе түбегейлі шешілді.
Кестедегі нысанның бірі - «Панабек» заманауи жиһаз фабрикасы. Ардагерлерге шағын ғана цехтан бастап, бүгінде индустриалды деңгейге көтерілген отандық кәсіпорынның жетістіктері мен инновациялық жоспарлары таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының іскерлік топтары, жетекші компаниялары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру жөніндегі жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Бүгін аудандық «Руханият» орталығында өткен баспасөз брифингінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан тұрғын үй табыстау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес-форумында жалпы құны 122 млн АҚШ долларын құрайтын екі негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін «Руханият» орталығында 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің негізгі талаптарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстанда China Construction Bank (CCB) еншілес банкін ашу мәселесі талқыланып жатыр.
Ауданымызда кәсіпкерлік саласына қолдау көрсетіп және инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін «Руханият» орталығында өткен баспасөз брифингінде аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жандос Махамбетов 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен негізгі нәтижелер туралы есеп берді.