— Өндіріс көлемінің артуы ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету деңгейіне де әсер етті. Бес жыл ішінде ішкі тұтынудағы отандық құс етінің үлесі 58%-дан 78%-ға дейін артты. Саладағы өсім биыл да жалғасып келеді. 2025 жылы құс етін өндіру көлемі 372,5 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға өсті. 2024 жылы 360 мың тонна құс еті өндірілген, — делінген министрлік таратқан хабарламада.