Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, әзірге мұндай ұшуларды туристік бағыттарда іске қосу жоспарланып отыр. Ал болашақта ұшқышсыз аппараттар жолаушыларды тасымалдап, дәрі-дәрмек жеткізіп, тіпті құтқарушыларға көмектесуі мүмкін.

Бұдан бөлек, Қазақстанда мұндай әуе кемелерін өндіруді жолға қою және оларға қажетті инфрақұрылымды біртіндеп дамыту көзделіп отыр.

Фото: Азаматтық авиация комитеті