Дипломаттың айтуынша, Қазақстан тарапы Әзербайжанға Құрық – Баку – Құрық порттары паром желісінде жолаушылар тасымалын қайта бастауды ұсынды. 2020 жылға дейін жүзеге асырылған бұл тасымалдар COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылған болатын.

Әлім Байел паромдық тасымалдау тоқтағанға дейін Каспий теңізі арқылы жылына 1500-ге жуық жолаушы жүргенін атап өтті.