2026 жылғы 8–10 сәуір күндері Қармақшы ауданында Нұралы Бақытұлы қатысуымен бірқатар рухани-ағартушылық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар аудандық қоғамдық даму бөлімі мен «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында Ақжар, ІІІ Интернационал, Ақай ауылдары, сондай-ақ Жосалы және Төретам кенттерінің тұрғындарымен, спорт, мәдениет және білім салаларының мамандарымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында рухани құндылықтарды дәріптеу, жастар тәрбиесі, дінді дұрыс түсіндіру және теріс ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды.

Сонымен қатар, аудан имамдарына арналған семинар ұйымдастырылып, онда діни сауаттылықты арттыру, уағыз айту әдебі және заманауи діни мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шаралар тұрғындардың рухани танымын арттыруға, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталды.