Тайлақ батырдың рухына тағзым етіп, атадан балаға мирас болған ат спортының дәстүрін жаңғырту мақсатында құнан бәйге, тоқ бәйге және аламан бәйге түрлерінен өткізілді.

Жарысқа ауданнан және өзге өңірлерден келген сәйгүліктер қатысып, шабандоздар өзара бақ сынасты. Бәйге барысында жүйріктер сыналып, шабандоздар өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша мәреге бірінші болып келген жүйріктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.