Іс-шараның негізгі мақсаты – заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Бірыңғай есеп беру күні» аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар мен өзекті мәселелерді талқылайды.
Іс-шараға кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігі, прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және өзге де бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.
Кәсіпкерлерді іс-шараға қатысып, бақылау-қадағалау органдарының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға шақырамыз.
Өтетін орны: Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, 3 қабат (Г блок)
Уақыты: 2026 жылғы 24 қыркүйек, сағат 11:00