Кейбірі арзанырақ баламаларды іздесе, енді бірі бұл шығындардан толықтай бас тартқан:
56,3% кафе, мейрамханаға бару және тамаққа тапсырыс беруге жұмсалатын ақшаны үнемдейді;
50,8% саяхат пен демалысқа бөлетін бюджетін қысқартқан. Оның ішінде 41,8%-ы саяхаттан толықтай бас тартқан;
50,6% киноға, концертке баруды және басқа да көңіл көтеру шығындарын азайтқан;
39,7% тұрмыстық техникаға, ал 38,1% киімге жұмсалатын шығынды қысқартқан;
41,2%-ы жаттығуға баруды доғарған;
36,2%-ы көңіл көтеруге жұмсалатын ақшаны қысқартқан.