Қазіргі уақытта көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталып, жолаушылардың өтініші бойынша мерзімінен бұрын көлік қозғалысына ашылды. Бүгінде көпірде көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін ұсақ жөндеу және әрлеу жұмыстары жүргізілуде.


Осыған байланысты көпір маңынан өткен кезде көлік жылдамдығын бәсеңдетіп, жол белгілеріне назар аудару ұсынылады.
Облыс әкімінің орынбасары көпір құрылысының сапасына назар аударып, мердігер мекемеге қалған жұмыстарды сапалы аяқтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.