Тұрмағамбет ауылында бұл бағдарлама арқылы 2,5% жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастауға мүмкіндік жасалуда.


Елді мекеннің тұрғындарына «Нан өнімдерін өндіру» бағыты бойынша 3 млн теңге көлемінде несие қаражаты игеріліп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынса, бір азамат
«Ағаш бұйымдарын жасау» бағыты бойынша 2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, шеберханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазір ағаш бұйымдарын өндіруге бағытталған шағын шеберхана жұмысын бастады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасады.