Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының «Жедел әрекет ету орталығы»  КММ-сі мен «ROBOTECH»ЖШС арасында  Қызылорда қаласы аумағындағы лифт шаруашылығына қатысты мәселелерді жедел әрі тиімді шешу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
       Аталған меморандум шеңберінде тараптар лифт жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, ақауларды жедел анықтау және жою, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ лифт шаруашылығын цифрлық бақылау мен мониторинг жүйелері арқылы жетілдіру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге уағдаласты. Ендігі кезекте, қала тұрғындары көпқабатты тұрғын үйлердегі лифт жұмысына байланысты ақаулар, істен шығу, қауіпсіздікке қатысты күмәнді жағдайлар немесе қызмет көрсету сапасы жөніндегі мәселелер туындаған жағдайда 📞 109 – Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.
🔷ҚЫЗЫЛОРДА АКТУАЛДЫ ЖАҢАЛЫҒЫ "QYZYLORDA TIMES"🔹ЖАЗЫЛЫҢЫЗ! : https://whatsapp.com/channel/0029VaadnaZEawdtprQ8Kf1Q