Мәмбет әулие Олжабайұлы XIX ғасырда өмір сүрген атақты ұста, көріпкел әулие. Небәрі 22 жылға созылған қысқа ғұмырында әулие атанып, атағы бүкіл Сыр бойына тараған.

Сапар барысында тарихи-киелі орынның қазіргі жағдайы қаралып, ардагерлермен бірге киелі орынды абаттандыру жұмыстарын жүргізу мәселесі талқыланды. Аудан әкімі киелі орынның тарихи келбетін сақтай отырып, оны күтіп-ұстау жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды жауапты сала басшыларына тапсырды.