Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен 18 шақырым жерде орналасқан Қорқыт ата мемориалдық кешені – еліміздің ең маңызды тарихи-мәдени және киелі орындарының бірі. Кешен алғаш 1980 жылы бой көтеріп, кейін қайта жаңғыртылып, бүгінде заманауи сәулет пен ұлттық құндылықтарды үйлестірген ерекше нысанға айналды.

Кешеннің басты ерекшелігі – жел соққанда қобыздың қоңыр үніндей әуен шығаратын ескерткіш. Бұл Қорқыт атаның мәңгілік өмір мен өнер туралы философиясын бейнелейді. Мұнда музей, амфитеатр және зиярат етушілерге арналған орындар орналасқан.

Қорқыт ата мемориалдық кешені – өткен тарихымызды танып, ұлттық рухымызды сезінуге мүмкіндік беретін қасиетті мекен. Осындай құндылықтарды танып-білу, насихаттау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз деп білемін.