"Әрбір көрсеткіштің артында халықтың әл-ауқаты мен ауданның дамуы тұр. Сондықтан белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындап, жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету қажет", – деді аудан әкімі А.Ибраимов.

 Жиында Жалағаш кенті және Мақпалкөл, Жаңаталап, Мәдениет, Мырзабай ахун ауылдық округі әкімдері баяндама жасап, өздеріне бекітілген көрсеткіштердің орындалу барысы туралы хабарлады. Әрбір бағыт бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар берді.

«Ауыл Аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы да сараланды. Жоба аясында жалпы сомасы 421,2 млн теңгеге 68 жоба қаржыландырылып, 81 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл 181,4 млн теңгенің 27 жобасы қаржыландырылып, 80,3 млн теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, жалпы құны 20,6 млн теңге болатын 2 жоба цифрлық платформаға енгізілген.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі кент және ауылдық округ әкімдеріне бюджеттің тиімді игерілуін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмысты күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуын және жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.