
Биыл облыста 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені белгілі. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқарды, бүгінде 70 мың гектар күріш суға толық бастырылған.
Осыған сәйкес, 16,7 мың гектары (23,9%) түтікке шығу, 44,8 мың гектары (64%) масақтану, ал 8,5 мың гектары (12,1%) гүлдену кезеңіне өтті.
Күздік бидай, сұлы толық жиналып бітті. Шаруашылықтар күтімге алған 49 мың гектар ескі жоңышқаның 2380 гектарын тұқымға қалдырып, 46,6 мың гектардан екі орымнан жалпы 142,7 мың тонна жоңышқа дайындады. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Шілденің 23-індегі мәліметке қарағанда, Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 113,4 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 3,3 млрд. текше метр. Сырдария өзенінің төменгі ағысына 550 текше метрі жіберілуде.
Көксарай су реттегішінде жинақталған су көлемі 23 млн. текше метр, былтырғыдан 2,76 млн. текше метр артық.
Биыл гидротехникалық құрылыстарға, ішкі шаруашылық каналдарына жөндеу жүргізілді.
Мәжіліс қорытындысында аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді.